Негізгі мазмұнға өту
Kural

Кириллица ↔ латын конвертері

Қазақ, өзбек және қырғыз мәтінін кириллицадан латынға және кері аудару.

Қазақстан латын әліпбиіне көшіп жатыр, Өзбекстанда екі жазу қатар жүр. Әр тілдің өз сәйкестік кестесі бар: Қазақстан → Qazaqstan, Ўзбекистон → Oʻzbekiston.

Әріпті әріппен ауыстыра салу жетпейді. Өзбекше е сөз басында ye болады. Бас әріппен жазылған сөз бір әріп екі әріпке айналса да бас әріппен қалады (ШАҲАР → SHAHAR, ShAHAR емес). Кириллицаға қайтарғанда апострофтың кез келген түрі жарайды: o', oʻ немесе o‘.

Қалай қолданамыз

  1. Тілді таңдаңыз: қазақша, өзбекше немесе қырғызша.
  2. Бағытты таңдаңыз: кирилл → латын немесе латын → кирилл.
  3. Мәтінді теріңіз немесе қойыңыз. Нәтиже оң жақта терген сайын жаңарады.
  4. Көшіру батырмасын басыңыз. Аударылған мәтінді әрі қарай түзеткіңіз келсе, Ауыстыру батырмасын басыңыз.

Мысалдар

Қазақша (2021 жылғы әліпби)
Қазақстан → Qazaqstan
Әлем → Älem
Ұлы дала → Ūly dala
Өзбекше
Тошкент шаҳри → Toshkent shahri
Ўғил → Oʻgʻil
Ер → Yer
Қырғызша
Кыргызстан → Kırgızstan
Чүй өрөөнү → Çüy öröönü

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ латын әліпбиінің қай нұсқасы қолданылады?

2021 жылы бекітілген нұсқа: ä, ğ, ı, i, ñ, ö, q, ş, ū, ü. Әліпбиге кірмейтін ц, щ, ё сияқты әріптер s, ş, io болып жазылады.

Өзбек латын әліпбиінің қай нұсқасы қолданылады?

1995 жылы қабылданған ресми өзбек латын әліпбиі (2000 жылғы түзетулерімен): oʻ, gʻ, sh, ch, ng, ал ъ орнына ʼ белгісі. Ресми құжаттардағыдай кәдімгі апостроф емес, ʻ (U+02BB) таңбасы қойылады.

Қырғыз тілінің ресми латын әліпбиі бар ма?

Жоқ, қырғыз тілі ресми түрде кириллицада. Аттар, домендер мен хат жазысу үшін көпке түсінікті жалпытүркілік үлгідегі жүйені (ö, ü, ñ, ı, ş, ç) аламыз. Төлқұжаттағыдай жазу керек болса, құжат беретін органның ережесін қараңыз.